Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жігер Ауыпбаевтың «Меломен» тобынан кетуіне діннің еш қатысы жоқ

Жігер Ауыпбаев «Меломен» тобынан кетуінің себебін түсіндірді. Әншінің айтуынша оның топтан кетуіне діннің қатысы жоқ. Ол жігіттермен араздасып қалған.

Жігер_080217

Бұл туралы Жігер Ауыпбаев Baistars.kz үшін берген эксклюзивті сұхбатында айтты. Танымал журналист Асхат Садырбай елдің көңілін күпті еткен сауалға жауап алды.

«Аллаға шүкір, осы уақытқа дейін арамызға ақша немесе басқа да нәрсе түсіп көрген емес. Бұл жолы осындай қиын жағдай боп қалды. Мүмкін бір-бірімізден шаршағандықтан да болар, мүмкін бір-бірімізді бағаламай да кеткен шығармыз, білмеймін. Жігіттермен арамызда түсініспеушілік нәрсе өте көп болды, бірақ, оның бәрі арамыздағы нәрсе», – дейді Жігер.

Ауыпбаев топта жүріп те жеке шығармашылықпен айналысуға болатынын, алайда жігіттермен арада түсініспеушілік туғаннан кейін кетуге бел буғанын мәлімдеді.

«…Мен топта жүріп те жеке шығармашылықпен айналыса беруіме болатын. Менің үлкен өнерге қадам басуыма себеп болған «Меломен» тобының құрамында жүре берген мың есе артық еді. Өйткені қазір топ жақсы жұмыс істеп, біраз үзілістен соң халықтың сұранысына ие болып келе жатыр еді. Бар себеп жігіттермен болған өз арамыздағы келіспеушілік.

Жігіттерге тағы бір ренжіген жерім, бұқаралық ақпарат құралдарына «Жігер топтан себепсізден себепсіз кетті» деп сұхбат бергендері. Қанша уақыттан бері біз бұл мәселені талқылап жүргенбіз. Мен өзім рухани қатты құлазып, анамды алып Меккеге кіші қажылыққа кеткен едім. Оңашада әбден ойланғым келді, түсінгім келді. Мүмкін мен нәпсіме еріп топтан кетіп жатырмын ба деп өзіме мың рет сұрақ қойып, сынап көру үшін де кеткен ем. Мен бәрін түсіндім, көрдім. Жігіттердің менсіз жұмыс істей бергендері дұрыс екен деген ойға келдім», – деп түсіндірді әнші.

Сұхбат барысында Жігер «Меломен» тобынан кеткеніне өкінетінін алайда ол топқа енді қайта оралмайтынын айтты.

«Әрине, бәрін жайып салуға, жариялай салуға болар еді. Ешкімге тіл тигізгім келмейді. Кім менің сыртымнан не айтса да мен бәрін көтеремін. Мен қазір жалғызбын, сонда да шыдаймын деген ойдамын. Уақыт бәрін орнына қояды», – деп жалғады сөзін әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайбергенов «Америка дауысына» шақырту алды

БАҚ: Димаш Құдайбергенов қытай әнін акцентсіз орындады (видео)

Джеки Чанның Димаш Құдайбергеновке үйреткен биі (фото, видео)

Оттың ортасында Тәуекел Мүсіліммен сүйіскен Жанар Дұғалова жұрттың ашуына тиді (видео)

Талқылау