Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісулықтар Қанат Исламға ат мінгізді (фото)

WBA Fedelatin, WBO Inter-Continental, UBC тұжырымдары бойынша кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Қанат Ислам бүгін Жетісу жеріне келді,-деп жазды Baq.kz

слам1

Талдықорған қаласына арнайы келген кәсіпқой боксшы Қанат Исламды көруге жанкүйерлер жер-жерден ағылды. Жергілікті жұртпен кездесу өткізген батырды қолдап-қолпаштаған жұрттың санында есеп жоқ. Жанкүйерлермен кездесу кезінде ақсақалдар оған батасын беріп, Жетісу халқы ат мінгізіп, шапан жапты.

анат2

«Осылай құрметтеп жатқандарыңызға, ыстық ықыластарыңызға алғыс білдіремін. Пенде болғаннан кейін әлсіз жерлерім де бар. Бірақ алдағы уақытта еліміздің көк туын желбірете беру үшін барымды саламын», – деді 32 жастағы боксшы.

Айта кетейік, Қанат Ислам кәсіпқой рингте 23 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен еді. Соңғы рет 18 ақпанда бразилиялық Робсон Ассиспен жекпе-жекке шығып, бірінші раундта нокаутпен жеңген еді.

Оқи отырыңыз:

Америкалық Қанат Исламға Головкиннен үлгі алуға кеңес берді

Елбасы Қанат Исламды ЭКСПО кезінде Астанада бокс өткізуге шақырған (видео)

Жанар Дұғалова Қанат Исламның жекпе-жегі кезінде ән салды (видео)

Роналду мен Джоли түрік телехикаясына түседі

Тамара Асар аяғының ауыр екенін айтып қалды

Талқылау