Жетісуда жол жөндеуді желеу етіп, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланған шенеуніктер тергелуде
Бас прокуратура Жетісу облысының Кербұлақ ауданында автомобиль жолын салуда лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланып, мемлекетке зиян келтірген шенеуніктерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Бастапқыда бұл жұмыстар мемлекеттік органға жобалау-сметалық құжаттамасыз және сараптама жүргізбестен мемлекеттік сатып алуды жүргізуге мүмкіндік беретін ағымдағы жөндеу түрінде заңсыз жүргізілген. Бұл өз кезегінде техникалық және авторлық қадағалау тарапынан бақылауды жояды. Нәтижесінде су бұру жүйелерінің өткізу қабілеті есептелмеген және жүргізілген жұмыстардың сапасы қамтамасыз етілмеген”, – дейді Бас прокуратура өкілдері.
Соның салдарынан лауазым иелері өздерінің заңсыз әрекеттерімен мемлекетке зиян келтіріп, аса ірі көлемде залалдарын тигізген. Мұны Бас прокуратура қылмыстық іс ретінде тіркеп, "Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?