Жетісуда екі лауазымды тұлға пара алу және беру дерегі бойынша сотталды
Фото: Видеодан скрин
Жетісу облысында табиғи монополияларды реттеу департаментінің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Талдықорған қалалық соты облыс бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы А.Сағымбековке және "Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы" АҚ басқарма төрағасы А.Күзембаевқа қатысты үкім шығарды.
Шенеунік облыс тұрғындарына электр энергиясын тасымалдаудың арттырылған тарифін бекітуге 500 мың теңге көлемінде пара алған, ал электр желілері кәсіпорны басшысы пара бергені үшін кінәлі деп танылды. Сағымбеков пен Күзембаевқа 15 миллион теңге және 10 миллион теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынады.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары пара алғаны үшін 4 жылға сотталғаны туралы жазған едік.

Ата-аналар жекеменшік мектептердегі оқу ақысының қымбаттауына наразы: Биыл білім алу құны қаншаға өсті?
