Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында жеке сот орындаушылары 665 миллион теңгелік кірісті жасырған

Фото: Audtakorn Sutarmjam/EyeEm/Getty Images

Талдықорғанда жеке сот орындаушыларының табысын жасырғаны анықталып, прокуратура 665 миллион теңгеден астам көзден таса қалған кірісті әшкереледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Талдықорған қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушыларының 2023 жылға арналған 240.00 нысаны бойынша жеке табыс салығы бойынша тапсырылған декларацияда кірістерін айтарлықтай төмендету фактілерін анықтады.

Мұндай "көлеңкелі" тәжірибе салық заңнамасын ғана емес, адал салық төлеушілерге қатысты әділдік қағидаттарын да бұзады.

Статистикалық деректерге сәйкес, аяқталған атқарушылық өндірістердің нақты көлемі 896,1 млн теңгені құраса, ал ұсынылған салық декларацияларында бар болғаны 231 млн теңге ғана көрсетілген. Айырмашылық 665,1 млн теңгені құрайды.

Қала прокуратурасының енгізген ұсынуының нәтижесінде үш жеке сот орындаушы қосымша салық декларацияларын тапсырып, соның негізінде 2,6 миллион теңге көлемінде қосымша салық төледі.

Ұқсас бұзушылықтар 17 жеке сот орындаушыларында анықталған. Бүгінгі уақытта прокурорлық қадағалау актісін орындау мақсатында уәкілетті орган жеке сот орындаушылары салық берешегін өндіріп алу шараларын қабылдап жатыр.


Қазақстанда бұрынғы полицейлер мен судьялар мектептерде мұғалім болып жұмыс істемек


Қазақстанда алқабилер сотталғандардың жазасын қысқарту мүмкіндігіне ие болмақ


Еске салайық, бұған дейін жеке сот орындаушы олигарх Александр Клебанов пен Сергей Канды алдап соғып, 300 миллионнан астам қаржыны қолды еткенін жазған едік. Іс “Орталық Азия жанармай-энергетикалық компаниясы” акционерлері арасындағы ұзаққа созылған корпоративтік даудан басталған. Серіктестер Александр Клебанов, Сергей Кан және Еркін Әмірханов арасындағы келіспеушілік салдарынан Әмірханов 2018 жылы коммерциялық сыбайлас жемқорлық айыбымен қамауға алынып, оның мүлкі бойынша атқарушылық өндіріс жеке сот орындаушысы Талғат Алдымұратовқа жүктелген. Сол кезеңде Алдымұратов Әмірхановтың активтерін 1,3 млрд теңгеге сатып, компанияға тиесілі қаражаттың бір бөлігін жымқырып, аукциондарды бұрмалау және қаржыны жасырын иемдену әрекеттері арқылы бірнеше эпизод бойынша қылмыстық жауапқа тартылды.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 03 Желтоқсан, 2025 10:15