Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Жетісу облысында жеңіл көлік “КАМАЗ”-бен соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жетісу облысы полиция департаменті

Жол көлік оқиғасы Көксу ауданындағы Алматы-Өскемен тас жолының 239-шақырымында Toyota Camry және Камаздың қатысуымен болды.

Аймақтық полицияның хабарлауынша, жолаушылар көлігі жүк көлігінің артқы жағымен соқтығысқан. Апат кезінде үш адам қаза тауып, біреуі ауыр жарақат алды.



"Апат салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Жол көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайларды анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Талқылау