Жетісу облысында үш адам есірткі мен экстремистік материалдар таратты деген күдікпен ұсталды
Сарқан ауданының аумағында полиция департаменті мен ҰҚК қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен бірлесе жүргізген операциясының нәтижесінде есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен үш жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот
Тергеу барысында күдіктілердің екеуі діни экстремизм идеологиясын ұстанушылар екені анықталды. Тінту кезінде олардан ірі көлемде марихуана тәркіленді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, шығаруға және таратуға тыйым салынған экстремистік мазмұндағы діни әдебиеттер табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары барлық мән-жайды анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Полиция есірткі құралдарын тарату мен пайдалану, сондай-ақ экстремистік материалдарды сақтау және тарату – қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкелетін ауыр құқық бұзушылықтар екенін еске салады.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті