Жетісу облысында прокурорлар түрмеден мерзімінен бұрын босатылған көпбалалы анаға үй берді

Фото: shutterstock
Жетісу облысы Қаратал ауданында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған алты баланың анасына үш бөлмелі үй берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әйел шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Ал аудандық прокуратура оған аяққа тұруға көмектескен.
“Отбасының тұрақты баспанамен қамтамасыз етілуі балалардың құқығын қорғауға және ананың қоғамға қайта бейімделуіне негіз болды”, – делінген прокуратура хабарламасында.
"Алты баламмен далада қалдым": Stan.kz "Харекет" қорымен бірлесіп көпбалалы отбасыға баспана сыйлады
Үйді әйелге Қаратал аудандық прокуратурасы мен қайырымдылықпен айналысатындар алып берген. Онымен қоса прокуратура әйелге 1,5 миллион теңгеден астам қайтарымсыз мемлекеттік грант берген. Ол бұл ақшаны дәнекерлеу шеберханасын ашуға жұмсаған.
“Оның өз кәсібін ашуы қоғамға заңды түрде бейімделуге және отбасына тұрақты табыс табуға мүмкіндік берді”, – делінген хабарламада.
Прокуратура мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің жұмысын үйлестіруді жалғастырып жатыр. Себебі олар алдағы уақытта осы тектес оң нәтижелі істерді жиі атқармақ. Жетісу аймағында заңдылықты қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында үйі өртеніп, екі баласы мерт болған көпбалалы отбасыға баспана берілгені туралы жазған едік.
Неке шарты қазақстандық әйелді ажырасу кезінде қорғай алмаған: Тойға дейін келісімшарт жасау қажет пе?