Жетісу облысында сертификатсыз істеген дәрігерлер бюджетке 12,8 миллион теңге қайтарды
Фото: tsn.ua
Жетісу облысында сертификат пен лицензиясыз медициналық қызмет көрсеткені үшін 20 адам әкімшілік жауапқа тартылды, бюджетке 12,8 миллион теңге қайтарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жетісу облысы Қаратал ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық қызмет (көмек) көрсету саласындағы заңдылықтың сақталуына жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша тиісті маманның сертификаттары мен медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы жоқ болғандарына қарамастан халыққа медициналық қызметтер көрсетуді анықтады.
"Аудандық прокуратураның қадағалау актілері бойынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 424-баптың 1-бөлігі, 426-баптың 1-бөлігі және 464-баптың 1-бөлігі бойынша 20 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оның ішінде 3 басшыға – орталық аудандық аурухананың бас дәрігері және оның орынбасарларына 4 049 960 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар тексеру аясында 4 жауапты тұлға (ауылдық аурухана басшылары) медицина қызметкерлерінің халықты вакцинациялау ережелерін бұзғандықтары үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 157 280 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапқа тартылды.
Осы тексерумен 148 адамның құқығы қорғалды, оның 100-ден астамы кәмелетке толмаған балалар. Қадағалау актісі бойынша бюджетке 12,8 миллион теңге қайтарылды.
Астаналық дәрігердің науқастың комаға түсуіне және 60 жастағы әйелдің өліміне қатысы бары расталды
Астанада 3 жасар қыз тіс емдетіп жатып көз жұмған: Ал стоматология өз жұмысын әлі жалғастырып жатыр
Еске салайық, бұған дейін Астанада бір дәрігер жүргізген операциялардан кейін бір науқас комаға түсті, екіншісі қайтыс болды. Полиция екі жағдайға да хирургтың қатысы барын растады, қылмыстық іс қозғалды, ал бір клиника лицензиясыз жұмыс істегені анықталды.
"Негізгі айғақ – бір-бірімен хат алмасуы": Атыраудағы Яна Легкодимованың өлімі туралы шындықты ашқан тергеуші істің хронологиясын айтып берді