Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында 100 миллион теңгеге бағаланған жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Фото: avito.ru

Жетісу облысының прокуратурасы Алакөл ауданында құны 100 миллион теңге болатын жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, жергілікті әкімдік уақытша пайдалануға берілген мерзімі өтіп кеткен жер телімдерін қайтару бойынша ұзақ уақыт бойы ешқандай шара қолданбаған.

"Прокурорлар тексеріс барысында жалпы ауданы 1 655 гектар болатын осындай 14 жер телімін қайтару қажет екенін анықтады. Қадағалау актісі негізінде жалпы кадастрлық құны 100 миллион теңге болатын барлық жер телімдері мемлекеттік жер қорына қайтарылды", – делінген хабарламада.


Шығыс Қазақстан облысындағы университетке 1,5 миллиард теңгенің мүлкі қайтарылды


Құлыбаевқа тиесілі Қапшағай жағалауындағы жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды


Еске салайық, бұған Алматы тау бөктерінде орналасқан, жалпы ауданы 840 гектардан асатын және құны 54 миллиард теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды. Бұл аумақтар заң бойынша жеке меншікке беруге жатпайтын су қоры санатына жатады. Жер бұрын "Халықаралық клубтар қауымдастығы" ЖШС-не заңсыз берілген. 2025 жылғы 12 маусымда Алматы сотының алқасы прокуратураның талап-арызын қанағаттандырып, жерді мемлекеттік меншікке қайтару туралы шешім шығарды. Істі прокуратура қадағалап отырды.

Айым Атамбаева
Сенбі, 21 Маусым, 2025 13:34
Талқылау