"Жетім қыз екен": Алматы облысында жасөспірімдер тобы оқушыға азғындық жасады деген күдікке ілінді
Фото: freepik.com
Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылында жергілікті мектеп оқушыларының қатысуымен болған оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазнетте бірнеше адамның мектеп оқушысын зорлағаны, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратқаны туралы ақпарат тараған еді. Белгілі болғандай, қыз бала жетім өскен.
Жамбыл аудандық білім бөлімінің мәліметінше, мектеп директоры 13 қазан күні құқық қорғау органдарына 2025 жылғы 21 қыркүйекте болған оқиға туралы хабарлаған. Оқиға жеке үйде, мектеп аумағынан тыс жерде және сабақ уақыты аяқталған соң болған.
Құқық қорғау органдары Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі (Кәмелетке толмағанға қатысты азғындық әрекеттер) бойынша іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Зардап шеккен жасөспірімге облыстық психологиялық көмек көрсету орталығының мамандары қолдау көрсетіп жатыр.
"Баланың әкесі әжесінің күйеуі": Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушы босанды
Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жігітті зорлаған үш бауыр 9 жылға сотталды
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда 15 жастағы мектеп оқушысын 38 жастағы ер адамға әйелдікке беріп жібергендерге қатысты сот процессі басталғанын жазған едік. Қыздың әкесі өзінің бұрынғы әйелі мен оның күйеуін жазалауды талап етіп отыр. Қызды еріксіз тұрмысқа берген ерлі-зайыпты сотқа куәгер ретінде қатысып жатыр.

Дженнифер Лопестен Real Madrid-ке дейін: Әлемдік жұлдыздардың келуі Қазақстанға қандай пайда әкелді
