Жеті партия кезектен тыс мәжіліс сайлауына қатысуға рұқсат алды
Орталық сайлау комиссиясы жеті партияға Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға рұқсат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ОСК жеті саяси партияға парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға рұқсат берді. Сайлауға қатысатын партиялар:
"Amanat" партиясы;
Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы;
Respublica партиясы;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
"Байтақ" қазақстандық жасылдар партиясы;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы;
Қазақстан халық партиясы.
- ҚР Парламентінің Мәжілісі таратылып, депутаттарды кезектен тыс сайлау уақыты белгіленді
- Мәжіліс құрамы 70%-ға жаңартылады - Айдос Сарым
- Путинді қолдаған Әбілдаев мәжіліс сайлауына түсе ала ма– Орталық сайлау комиссиясы жауап берді
Еске салайық, тіркеу мерзімі 20 қаңтар мен 18 ақпан аралығына белгіленген. Сайлау алдындағы үгіт тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау өтетін күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00-де – 18 ақпанда сағат 18.00-ден 18 наурызда сағат 00.00-ге дейін аяқталады.
Осылайша, парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы тағайындалған күннен бастап дауыс беру күніне дейінгі жалпы ұзақтығы 59 күнді құрайды.