Жерге түкіріп, темекі шегіп тұрған полицей Ақтөбе тұрғындарының шамына тиді (видео)
Әлеуметтік желіде қарапайым азаматпен сөйлесіп тұрған полицейдің ерсі қылығы түсірілген видео тарап кетті.
Видеоны Ақтөбе тұрғыны түсірген. Жазба Instagram желісінің Aktobe Zello тобында жарияланды.
«Кеш жарық! Сіздермен мына бір қызықты көріністі бөліссем деп едім. Бүгін терезе алдында тұрып, мынадай жайттың куәгері болдым. Неліктен қарапайым азаматарға айыппұл салады. Ал, оларға заң қарастырылмаған», – деп жазады видеоға түсіруші.
Полицей темекі шегіп тұрып, азаматпен сөйлесіп тұр. Оның жерге түкіргені де байқалады. Желі қолданушылары заңның бәріне ортақ болу керек екенін айтып наразы болды. Полицейлердің ерсі қылық көрсетпей, өзгелерге үлгі болу керегін айтып жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Бишінің алдына түсіп өнер көрсетпек болған жігіт оқыс қимылдан талып қалды (видео)
Бойжеткен құлағының тесігінде тұрып қалған жыланды шығара алмай әлек болды (фото)
Эскалатормен төмен түскен әйелдің қолынан баласы құлап кетіп мерт болды (видео)