Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жер теліміне қатысты алаяқтық: Халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкерлері сотталды

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ жергілікті филиалының бұрынғы екі қызметкеріне қатысты үкімі өз күшіне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкерлері ақпаратты заңсыз жойып, өзгерткені үшін және алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сотталушылар 5 жылға коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

“Қылмыстық әрекеттің салдарынан мемлекетке 50 миллион теңгеден астам залал келтірілді”, – деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.



Тергеу барысында сотталған адамдардың Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде мәліметтерді өзгерту арқылы Шымкент қаласының жер телімдерінің шекарасын заңсыз көшіріп, өзгерткені анықталды.

Еске салайық, былтыр қыркүйекте ҰҚК Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталығында тінту жүргізіп, кейбір жер-кадастрлық істерді тәркіледі.

Талқылау