Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жер сілкінгенде не істеу керек?

Апат айтып келмейді. «Сақтансаң сақтайды» деген сөз бар. Соңғы кезде әлемде ғана емес, Қазақстанда да жер сілкінісі жиілеп кетті.

Bezymyannyy-33

Арыға бармай-ақ, 9 тамыз Алматы облысында таңғы сағат алтылар шамасында бірнеше жер сілкінісі тіркелгенін хабарлаған болатынбыз, деп хабарлайды baq.kz.

Осындай төтенше жағдай кезінде не істеу керегін назарларыңызға ұсынамыз.

Ең бірінші – сабырлы болыңыз, үрейге бой алдырмаңыз. Бірақ жылдам қозғалуыңыз қажет. Ретсіз іс-қимыл жасағанда осындай үрей туындайды.

Үйдің ішінде:

Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуды пәтеріңіздің қай қабатта орналасқанына қарай шешесіз. Егер көп қабатты тұрғын үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, сыртқа шығуға мүмкіндігіңіз бар. Ал үшінші және одан жоғары қабаттарда тұрсаңыз далаға шығу өте қауіпті. Сол себепті сілкініс кезінде үй ішіндегі қауіпті және қауіпсіз жерлерді анықтап алған жөн.

Үй ішінде қалып қойсаңыз алдымен газ, су және жарықты сөндіріңіз;

Алдын ала таңдалған орынға тығылыңыз (мысалы, мықты қабырға, босаға есік жақтауы, ванна, тоңазытқыш, парта, кереует);

Терезеге жақындамаңыз;

Жиһаздардан аулақ тұрыңыз;

Лифт қызметін пайдаланбаңыз.

Далада:

Биік ғимараттар мен биік ағаштардан аулақ болыңыз;

Үзілген сымдардан абай болыңыз;

Жер асты өткелдерімен жүрмеңіз;

Ғимараттарға кірмеңіз.

Көлікте:

Сілкініс басталғанда дереу ашық жерге тоқтаңыз;

Дүмпу аяқталғанша көліктен шықпай, бір орында отырыңыз;

Ал қоғамдық көлік жүргізушісі мұндай жағдайда есікті ашық қалдыруы тиіс.

Жер сілкінісінен кейін:

Сабырлы болыңыз, зардап шеккендерге көмектесіңіз;

Радиоқабылдағышты қосып, жергілікті билік пен азаматтық қорғаныс органдарының нұсқаулықтарына құлақ түріңіз;

Қираған ғимараттарға кіруші болмаңыз;

Жарақаттанбау үшін мықты аяқ киім киіңіз;

Құтқару жұмыстарына атсалысу керек болса, қалыс қалмаңыз;

Бастысы, ҮРЕЙГЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!

Тағы да оқыңыз:

Сейсмологтар Алматыдағы жер сілкінісі кезінде неліктен дабыл қағылмағанын түсіндірді

Қытайда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 19-ға жетті

Алматыда жер асты дүмпуінің қаупі әлі де бар

Талқылау