Алматыда жауын кезінде асфальт опырылып, ондаған көлікке зақым келді
Фото: Видеодан скрин
Алматылықтар әлеуметтік желілерде қалаға жауған қатты жаңбырдың салдарын көрсеткен фото және видеоларымен бөлісіп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, жаңбырдан кейін кей көліктер жерге опырылып түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңбыр кезінде Алматыда нөсер салдарынан қалада 10 балдық кептеліс пайда болды. Кешкісін ауа райы нашарлағаннан кейін тұрғындар жауынның салдарын түсірген кадрларды жариялай бастады.
Мәселен, "Твой Алматы" Telegram-арнасында жазылушылар түсірген бірнеше бейнежазба жарияланды. Онда қаланың кейбір көшелерін су басқаны анық көрінеді. Кадрларға қарағанда, су проезжая часть-ты басып, көліктер су кешіп жүруге мәжбүр болған.
Басқа куәгерлердің айтуынша, Аманжол көшесінде су жиналған соң жер опырылып, көліктерге зақым келген. Видеолардың бірінің авторы көшеде "көліктер жан-жақта құлап жатыр" деп сипаттаған.
Әлеуметтік желі қолданушылары Алматыдағы нөсер салдарын талқылап жатыр. Кейбірі алғашқы күзгі жауыннан кейінгі жағдайға таңғалып, "арықтар бітеліп, асфальт опырылып, көшелерді су басты" деп жазды.
"Сейфуллин даңғылында, Сәтбаев көшесінен жоғары шығыс жағында арықтан "гейзер" атқылап, бүкіл тротуарды су басты. Арық жүйесі жапырақтарға толы, шамасы, қоқыспен де бітеліп қалған. Су әдеттегідей ағызылмай, сыртқа шығып жатыр", –деп жазды zhumberto.
Басқалары мәселені сапасыз құрылыс пен тендерді кез келгеннің ұтып алуынан көреді. Олар Сайран көлі маңындағы жағдайды мысалға алып, әкімдіктің мердігерді сотқа бергенін еске салды.
Тағы бір бөлігі жыл өткен сайын жағдайдың ушығып бара жатқанын айтып, шексіз құрылыстардың қалаға зиянын тигізгенін атап өтті.
Бұл мәселеге қатысты Алматыдағы Әуезов аудандық әкімдігі пікір білдірді.
"Спецстрой Групп ЛТД" ЖШС мердігерлік ұйымы бұған дейін Аманжол көшесінде сумен жабдықтау және кәріз инженерлік желілерін жүргізу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындаған. Бұл жұмыстар тарату желілерін салу жобасы аясында толық көлемде аяқталған. Асфальтобетон жамылғысын қалпына келтіру 300 мм (болат) диаметрлі газ құбырын салу жоспарлануына байланысты уақытша кейінге қалдырылған", – деп жауап берді әкімдік.
АҚШ-тағы ірі фестивальдердің бірінде қазақтар киіз үй тігіп, дауылдан аман қалған
Алакөл жағалауын шайып кету қаупі бар: Абай облысында төтенше жағдай жарияланды
Еске салайық, бұған дейін Петропавлда қатты жаңбырдан кейін көшені су басқанын жазған едік. Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті 100-ден астам қоңырау келіп түскенін мәлімдеді. Таңда және түсте жауған жаңбыр салдарынан тұрғын үйлердің жертөлелеріне су ағып, тіпті ауруханалардың біріне кіріп кеткен.

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
