Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берілетін төлемақы 5 миллион теңгеге өседі
Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне төленетін біржолғы төлемнің көлемі артпақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы қала әкімі қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесуде айтты.
Әкімдіктің мәліметінше, келесі жылы ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлем 2 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін, ал тыл ардагерлеріне берілетін төлем 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейін артады деп жоспарланған.
Арнайы әлеуметтік төлем: Ай сайын 208 мың теңгені кімдер ала алады
"ҰОС ардагерлеріне берілетін біржолғы төлемдерді 5 млн теңгеге дейін ұлғайту мүмкіндігіміз бар. Осы ұсынысты келесі жылдың бюджетін қарау кезінде мәслихатқа енгіземіз", – деді Ерболат Досаев.
Әкімдіктің мәліметінше, қазір Алматыда Ұлы Отан соғысының 31 қатысушысы мен сегіз мүмкіндігі шектеулі ардагер тұрады.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік