"Жасөспірім есікке қысылып қалған": Таразда жеңілдік өткізген дүкен иесі айыппұл арқалады

Таразда сауда орталығында жеңілдік өткіземін деп дүрбелең туғызған дүкен иесіне айыппұл салынды. Оқиға кезінде жасөспірім есікке қысылып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Таразда арзан бағада акция өткізген сауда орталығына келушілер бір-бірін таптап кете жаздады. Дүкен алдын дүрбелеңге айналдырған келушілер есікті сындырып кірген кезде жасөспірімді қысып қала жаздаған.
Абырой болғанда, есікке қысылған қызға ер адам көмекке ұмтылып, оны сыртқа шығарып алды. Ал ішке ентелегендер дүкенге сыймай, ұзын-сонар кептелісте қалған.
Алматыда Көк Төбеге баратын аспалы жолда ұзын-сонар кезек түзіліп, адамдар төбелес шығарған
Полицейлер аталмыш жағдай бойынша тексеріс жүргізіп, дүкен иесін әкімшілік жауапқа тартты. Енді кәсіпкер келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін айыппұл төлейді.
"Денсаулыққа зиян келтіру және өзге де құқыққа қарсы әрекеттер фактілері анықталған жоқ. Дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сауда орталығының әкімшілігіне қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау және келушілер ағынын бақылауды ұйымдастыру қажеттігі ескертілді", – деді Тараз қаласы полиция басқармасының бастығы Ардақ Мадимаров.
Еске салсақ, осыған дейін Алматы метросында орнатылған жаңа турникеттер жолаушыларға қолайсыздық туғызып, ұзын кезектердің пайда болуына себеп болды. Тұрғындардың айтуынша, билет оқу процесі тым баяу жүріп, метроға кіру уақыты бірнеше есе ұзарған.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды