Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

6 ақпанда басталатын жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қанша адамның өтініш бере алатыны белгілі болды

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына өтініш беру платформасы 6 ақпаннан бастап жұмысын бастайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өтінімдерді қабылдау www.autonesie.kz ресми сайты арқылы жүргізілетін болады. Азаматтар өтінім беру үшін компьютер арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізіп, телефон нөмірін тіркеп, автоөндірушіні таңдап, өтінімге қол қоюы керек. Өтініштің тіркелгенін сайттағы "Жеке кабинет" арқылы тексеруге болады. 

“Жасыратыны жоқ, өткен жылы бағдарламаны бастау кезінде бірқатар теріс ақпарат тарап, қиындықтарға тап болдық. Оның нәтижесінде азаматтарға автокөлік алуға кедергілер туындады. Осы жағдайларды алдын алу үшін алдағы уақытта "Өнеркәсіпті дамыту қорымен" бағдарлама бойынша бір уақытта қаржының да, автокөліктің де болуын және ашықтықты қамтамасыз ету үшін тиісті платформа әзірледі”, - деді "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамының басқарушы директоры Ғалымжан Әди. 

Өнеркәсіпті дамыту қоры желісі бойынша қолданыстағы автонесиелерді өтеуден жинақталған қаражат көлемі 7,6 млрд теңгені құрайды. Ал пилоттық платформаның алғашқы іске қосылу барысында 761 өтініш берушіге дейін тіркеле алады. Яғни өтініш берушілер толық тіркелсе, платформада өтінім қабылдау автоматты түрде тоқтатылады.

Айта кетейік, платформаға тек ел аумағында тіркелуге болады. 

Талқылау