Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Жемқорлық үшін сотталған Атыраудың экс-әкімі ұлының Ұлыбританияда 1,3 миллиард теңгелік үйі бары анықталды

Фото: “Ақжайық”

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің ұлы Аслан Рысқали Ұлыбритания астанасында қымбат жылжымайтын мүлікке иелік етеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Выход к морю” Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы 12 жыл бойы Рысқалиевтер отбасы Лондонда тұрып, сол жерден саяси баспана алған. Қазақстан бұрынғы шенеунікті халықаралық іздеуге беріп, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп сырттай 17 жылға бас бостандығынан айырды.


Жемқорлық үшін 17 жылға сотталған Атыраудың экс-әкімінің сакура тамашалап жүрген видеосы тарады


Британиялық жылжымайтын мүлік тізімінде Рысқалидің үйі бар екені анықталды. 

2021 жылдың сәуір айында Аслан Рысқали Лондондағы Кеннингтон Роуд 346-348 мекенжайындағы ғимараттың бірінші қабатындағы пәтерді 1,51 миллион фунт стерлингке (шамамен 1 миллиард теңге) сатып алды. Бүгінде бұл мүлік 1,88 миллион фунт стерлингке бағаланып отыр. Бұл дегеніміз – 1,3 миллиард теңге.

Фото: “Выход к морю” Telegram-арнасы

Еске салайық, Бергей Рысқалиев 2006 жылдан 2012 жылға дейін Атырау қаласының және Атырау облысының әкімі болып қызмет атқарды. Түрлі дау-жанжалдан кейін ол қызметінен кетті. Атап айтқанда, ол жемқорлық, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды. Тергеу ісі шамамен бес жылға созылды. 2019 жылы Қазақстан соты Рысқалиевті сырттай 17 жылға соттады, ал оның ағасы Аманжан Рысқалиевті 16 жылға соттады.

Алайда 2020 жылы бұған дейін тәркіленген мүліктің бір бөлігі Рысқалиевтер отбасына қайтарылғаны белгілі болды. Бас прокуратура бұл шешіммен келіспей, кассациялық шағым түсірді. Жоғарғы сот бұл мәселеде тез әрі шешімді түрде прокуратураның талаптарын қолдады.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 15 Мамыр, 2025 14:18
Талқылау