Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желідегілер суретте омырауы көрініп қалған Айсәуле Бақытбекті сынады (фото)

Желі қолданушылары Айсәуле Бақытбектің омырауы көрініп қалған суретіне қатысты пікір білдірді. Көпшілік оның өз жасынан әлдеқайда үлкен көрінетінін айтты.

16229455_1710887889203304_8046305737938305024_n

Фото: instagram.com/innerlifehome/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бір апта бұрын Айсәуле Бақытбек желідегілерге өтініш білдірген-ді. Бойжеткен шоурум, сұлулық салоны немесе әшекейлер дүкенін іздеп жүргені туралы жазды. Аталған дүкен фотосессия жасау үшін қажет екен. Ал фотосессияның суреттері журналда жарияланбақ. Көп ұзамай бойжеткен өзіне қажетті түсірілім орнын тапты. Тіпті, суреттерді түсіріп, оны парақшасына жариялап үлгерді. Ал желі қолданушылары өз кезектерінде аталған суреттерге қатысты пікір білдіруге асықты.

Әсіресе, соңғы суретінде ашық-шашық түскенін тілге тиек етті. Яғни Айсәуленің омырауының жартылай көрініп қалғанын сынап тастады.  Мұнымен қатар, арасында оның анасына ұқсаған сұлу екенін айтқандар да болды.

16110813_965328420264617_7545850457776717824_n

“Суретте мойны қайда?”, “Кербез. Макияжы да жақсы жасалған екен”, “Жап-жас болып сонша бояу не керек?”, “Бірден төстартқышпен түсе салмадың ба?”, “Ұят қалмады-ау”, “Қандай әдемі қыз, сүйкімді”, “Барлығының жасанды екені көрініп тұр”, “Мен сізді сыйлаймын”, “Онсыз да әдемі, бірақ ашық киінеді”, “Өзіңнің жасыңнан 10 жас үлкен көрінесің”, “Омырауына қараңдар”, “Бастапқыда Баян екен деп ойлап қалдым”, “Сұлусың! Бірақ омырауыңды сәл жауып түсуіңе болатын еді”, “Қазақ қызына бұл жат киім”, “Көкірегін жауып түссе адам болатын еді” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Бала Димаш қандай болды: Димаш өмірге келерде әжесіне аян берілген (фото)

Қазақстандық ақын Димаш Құдайбергеновке өлең арнады (фото)

Димаш Құдайбергенов Қытайда бір топ оққағармен жүретін болған (фото, видео)

Қытайдың алпауыт компаниясы Димаш Құдайбергеновке арнап смартфон шығарды (фото)

Талқылау