Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желідегілер Салтанат Бақаеваға үшінші перзентінің қыз болуын тіледі (фото, видео)

Нұржан мен Салтанаттың отбасы жақында тағы бір жанмен толығады! Иә, әнші әрі актриса Салтанат Бақаеваның бүгінде аяғы ауыр. Танымал өнер иесі жағымды жаңалығын жұрттан жасырмайды, деп хабарлайды Stan.kz.

Өзі естіген сәтте-ақ Салтанат жұрттан сүйінші сұрап, үшінші перзентіне аяғы ауыр екенін айтқан болатын. Дәл осы қуанышты сәтке орай актриса Жаңа жыл қарсаңында отбасылық фотосессия жасатып, желідегі оқырмандарымен бөлісті.

Отбасылық портретте Нұржан мен Салтанатпен бірге олардың қос ұлы Әмір мен Әділ бейнеленген.

Бұл ретте сахналық әріптестері мен желі оқырмандары Салтанатқа үшінші сәбиінің қыз болуын тілеп жатыр.

“Тәп-тәтті қыз керек, Салтуша”, – деп ақ тілегін жеткізді әнші Гүлнұр Оразымбетова. Өзге оқырмандар да “екі ұлдан кейін қыз туыңыз” деп  Оразымбетованың сөзін қоштады.

Жіберіп алмаңыз:

Қай еңбегі үшін: Қоғам белсендісі Сивиді еліміздің еңбек ері атанған тұлғалармен салыстырды

“Шаншар” театрының танымал актері Жүсіп Ақшора қызын ұзатты (фото)

Абай мен Асхат : Халықтың есінде тек той әншісі болып қалуға ұяламыз

Еспанов болашақ келіні жайлы естігенде баласын үйленбеуге көндірген (фото)

Талқылау