Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желідегі «Көк кит» ойынын ойнаған қарағандылық асылып қалды

19 жастағы Қарағанды тұрғыны өз-өзіне қол салды. Алдын ала болжам бойынша ол желідегі өзін өлімге итермелейтін «Көк кит» ойынын ойнаған болуы керек,-деп жазды Қазақпарат.

асылды

Қайтыс болған қыздың танысы  оның 6 ақпан күні жуынатын бөлме есігіне асылып  қайтыс болғанын айтқан.

«Жиенімнің қазасына «Көк кит» ойынының әсері бар деп ойлаймын. Осы бір қауіпті ойынның тағы бір атауы «Тыныш үй» деп аталады. Модератор ойыншыға түрлі тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалап отырады. Мысалы, ойыншы қолына алмаспен киттің суретін салуы керек. Ең соңғы тапсырма сол өлім»,-дейді қыздың нағашысы Марат.

Қайғылы жағдай түнде, отбасы мүшелері ұйықтап жатқан кезде болған. Ата-анасы қыздың түнде оянып, жуынып жүргенін естіген. Оның өлі денесін таңғғы алтылар шамасында көрген.

«Галинаның телефонын ашқанымызда «Көк кит», «Тыныш үй» деген жазуды көрдік.4:20-да «мен ойындамын»»,-деген жазуды көрдік дейді қыздың нағашысы.

Енді бұл іспен полиция айналысып жатыр екен.

Оқи отырыңыздар:

Суицидке итермелейтін «Синий кит» ойынынан соң ІІМ ғаламторда бақылауды күшейтті

Ғалымдар: ғаламтордағы порнография балаларды бал дәуренінен айырады

Қызды жалаңаштандыра шешумен уақытты есептейтін жапон ойыны елді шошытты (видео)

 

 

Талқылау