Желіде үкімет ғимараттары арасындағы жерасты туннелі туралы ақпарат тарады
Желіде Астананың астында тұтас бір жерасты қаласы бар деген видео талқыланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
Видео бойынша шенеуніктер үкіметтік ғимараттар арасындағы жылы жерасты туннельдері арқылы қозғалады. Бұл құпия желі президент сарайын, парламентті, министрліктер үйін және басқа да әкімшілік ғимараттарды байланыстырады деп мәлімдеген.
Бұған президенттің мүлкін басқару департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
"Бұл видео шындыққа жанаспайды. Мемлекеттік ғимараттарды жалғайтын жылы туннельдері бар жерасты қаласы жоқ. Өкініштісі, халықты адастыратын тағы бір фейк таралып жатыр", – деп хабарлады ведомство.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген