Желіде Түркістан облысында шетелдіктер арасында атыс болғаны туралы ақпарат тарады
Әлеуметтік желіде Түркістан облысының Қарабұлақ ауылында "шетелдіктер арасында үлкен атыс болды" деген ақпарат тарады. Видео Telegram-дағы Egov.press арнасында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
“Кей дереккөздердің мәліметінше, Түркістан облысындағы Қарабұлақ ауылында шетелдіктер арасында жаппай атыс болған. Оқырмандар екі адамның зардап шеккені туралы айтуда”, – делінген жазбада.
Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі шетелдіктер арасындағы атыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
“Бәріңізден тек ресми ақпаратқа сеніп, жалған ақпарат таратпауды сұраймыз. Түркістан облысы Сайрам ауданында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жерлерде жоспарлы іс-шаралар жүргізген еді. Шара барысында 500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, олар бойынша тиісті шаралар қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр”, – деп түсініктеме берді ведомство.