Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде той кезінде анасын құшақтап, еңіреп жылаған күйеужігіттің видеосы қызу талқыға түсті

Тойда жылаған күйеужігіт қызу талқыға түстіФото: Видеодан скриншот

Дағыстанда той кезінде болған әсерлі сәттің видеосы желіде тарап, қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кадрлардан күйеужігіт анасын құшақтап тұрып жылап жатқаны көрінеді. Кейін асаба ана мен ұлына арнап вальс билеуге ән қосады. Кейінірек видеодан қалыңдықтың өзі де көрінеді.

Видеоны желіге жүктеген автор да жігітті сынға алды.

“Жігіттер неге осылай, анасынан айырып жатқандай жылайды? Соғысқа кетіп бара жатқан жоқ қой. Сұмдық!
Ол қалыңдық сияқты бөтен үйге бара жатқан жоқ. Сондықтан мына қылығын басқа күні көрсетсе де болар еді. Бұл той ғой! Қуаныш! Қалыңдық отбасымен қоштасып, бөтен үйге кетіп бара жатып жыласа, бөлек әңгіме”, – деп жазған ол.

Осы тұста желі оқырмандарының пікірі екіге бөлінді. Бірі жігіттің жылағанын сынап тастады.

“Бұл не масқара? Ұят екен”, “Бұлар енді көріспейтіндей жылады ғой. Мұны басқаша түсіне алмай тұрмын”, “Мұндай еркектен қашу керек”, “Жиіркенішті көрінеді”, “Жігітті тұрмысқа беріп жатыр ма?”, “Соғысқа жіберіп жатыр ма?”, “Бұл өзі қандай цирк?!”, – деп пікірлерін жазған.

Ал кейбірі жігіттің әрекетін сынамауға шақырды.

“Не үшін жылап тұрғанын білмей жатып, сөкпейікші”, “Қуанышты күндерінде жандарында әкелері болмаған соң, жылап тұрған шығар. Анығын білмейміз ғой”, “Қуаныштың көз жасы ғой”, “Жігітте те жүрек бар”, “Дұрыс түсінейік. Бәлкім, осы қуанышты күндерін әкесі көре алмай кеткен болар”, “Несі бар жыласа?! Адам ғой. Эмоциясын шығарып жатыр. Бәріміз анамызды жақсы көреміз. Ол жанымызда мәңгі жүрмейді ғой”, - деп жігіттің әрекетін сынамауға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін ұзату тойда гүл шоқтарын бірінші өз анасына берген күйеу жігіт қазақстандықтарға жақпай қалған хабарланған еді. 

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 13 Ақпан, 2026 13:15