“Қазір аталған ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін олардың әрекеттеріне заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Халық арасында, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы дүрбелең тудыратын жалған хабарламаларды тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, тіпті бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған”, – деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаменті.
Ведомство ата-аналарды сабыр сақтауға, үрейге берілмеуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды. Сонлай-ақ жағдай ішкі істер органдарының толық бақылауында деп сендірді.
- Ресейде жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасап, бір оқушы қаза тапты
- "Ұлтың кім, саудаң бітті" деген: Ресейде жасөспірім пышақтап тастаған 10 жастағы тәжік бала Кобилджон Алиев туралы не белгілі
Еске салайық, бұған дейін Алматыда студент оқытушысына пышақпен шабуыл жасаған еді.
