Желіде Сириядағы қазақстандық балаларды құтқарған видео тарады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сириядан қазақстандықтарды қайтару бойынша бесінші "Жусан" арнайы операциясының видеосын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

4 ақпанда Сириядан 12 адам үйге оралды: төрт ер адам, бір әйел және жеті бала, оның ішінде екі жетім. Олардың үйлеріне келуіне ҰҚК мен СІМ АҚШ пен басқа да халықаралық серіктестердің қолдауымен көмектесті.
Ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес террористік іс-әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі және мемлекет оларға барлық қажетті көмек көрсетеді. Әйелдер мен балалар оңалту және қайта әлеуметтендіру бағдарламаларына қосылады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан