Желіде Салтанат Бақаеваның “егізі” пайда болды (фото)
Кейде адамның кинода сомдаған рөлі өмірде шынайы оқиғаға айналып жатады. Мәселен, әнші әрі актриса Салтанат Бақаева отандық телехикаялардың бірінде Айман және Шолпан есімді егіз қыздардың рөлін сомдаған еді. Елдің пікіріне зер салсақ, Салтанат рөлін сәтті алып шыққан.
Коллаж: Stan.kz
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Алайда режиссерлер шын өмірде Салтанаттан аумайтын қыздың бар екенін білсе, актрисаның мойнына артылар жүк жеңілдер ма еді, кім білсін?!
Салтанат Бақаева ұқсайтын қыз. Фото: Instagram
Салтанат Бақаевадан аумайтын бойжеткеннің суреті желіде тарап кетті. Бейтаныс арудың суретін көрген оқырмандар оны тіпті, “халықты алдап отырған Салтанаттың өзі” деп айыптап жатыр.
Салтанат Бақаева. Фото: Instagram
Алайда шын мәнінде Бақаева ұқсайтын қыз өмірде бар болып шықты. Оның есімі – Гүлсім. Ол Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқиды.
Салтанат Бақаева ұқсайтын қыз. Фото: Instagram
“Қайсысы шын Салтанат”, “Өтірік, бұл екі фотода да Салтанат Бақаеваның өзі”, “Екеуін де Салтанат деп қалдым ғой, қатты ұқсайды”, “Копия”, – деп жазып жатыр желідегілер.
Салтанат Бақаева. Фото: Instagram
Жіберіп алмаңыз:
Төреғали Төреәлі 25-ке толуына орай Алматыда 5 күн концерт бермек
Арман Қоңыр: Түн ортасында қызымның жөргегін ауыстырып, әйеліме көмектесемін
Ерке Есмахан сыңсу айтып, қыз ұзата бастады (видео)
Есентаевтың қарындасы: Баян ағама “сенен басқа ешкімді сүйгем жоқ” деп айтатын (фото)