Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде "Росатом" басшысының Тоқаевпен кездесуге өтініш жасағаны туралы ақпарат тарады

Әлеуметтік желілерде ресейлік "Росатом" компаниясы президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен және премьер-министр Олжас Бектеновпен кездесу өткізгісі келетіні туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/rosatomru 

“Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне құрмет білдіре отырып, 2024 жылдың қараша айының соңына дейін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев және Қазақстан Республикасының Премьер-министрі О.А. Бектеновпен "Росатом" мемлекеттік атом энергетикасы корпорациясының Бас директоры А.Е. Лихачевтың кездесулерін ұйымдастыруға көмек көрсетуді сұрайды", – деп жазды "Қазақстан Мұнай және Газ" өзінің Telegram-арнасында.



Хат 11 қазанда жіберілген. Ал Ресей тарапы 28 қазан немесе 14 қарашада кездесуді ұсынып отыр.

Бұған дейін “Росатом” Қазақстанға екі атом электр станциясын салуды ұсынған еді.

Талқылау