AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде референдум кезінде заң бұзушылықтар орын алғаны көрінетін видео тарады

Желіде референдум барасында заң бұзушылықтар жайлы айтылған видео пайда болды. Сайлаушылар бюллетеньдерді сиясы жоғалып кететін қаламмен толтырған деген ақпарат тараған, алайда оның жалған екін анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

TikTok.com

Желіде тараған видеодағы кадрларда ер адам бюллетеньге белгі қойып, үстінен отпен өткенде, жазу жоғалып кетеді. Автордың пайымдауынша, мұндай сиясы жоғалып кеткен қаламдармен дауыс беру әдейі жасап қойылған.

Алайда таралған видео жалған ақпарат.  Бұл 2019 жылы шыққан видео екені анықталды. Сол жылдары ол Ресейде, Украинада, Қырғызстанда, одан кейін біздің елде вирустық сипатқа ие болды.

Еске салсақ, қазақстандықтар арасында тағы бір видео кеше тараған еді. Онда адамдардың бюллетеньдерді қоқысқа салып жатқаны көрінеді. Оның 2009 жылы Қырғызстанда президент сайлауы кезінде түсірілгені анықталды.

Айта кетерлігі, елдегі әрбір дауыс беру жалған ақпараттың таралуымен бірге жүреді.

Елімізде жалған ақпарат таратқаны үшін жаза қарастырылған: мың АЕК-ке дейін, яғни үш миллион теңгеден астам айыппұл немесе төрт жүз сағатқа дейін түзеу немесе қоғамдық жұмыстар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр