Бюллетеньдерді қоқысқа тастап жатыр: Желіде Қазақстанда түсірілді деген болжаммен видео тарап жатыр
Telegram арналарында бюллетеньдерді қоқысқа салып жатқаны түсірілген видео таралуда.

Бұл кадрлар бүгін, 5 маусымда республикалық референдум кезінде түсірілген деген болжам бар. Алайда бұл жалған ақпарат. Шындығында бұл видео 2009 жылы Қырғызстанда президент сайлауы кезінде түсірілген.
Видеоны интернеттен табуға болады. Желі қолданушылары жазғандай, заң бұзушылық Бақай-Ата ауданындағы №6071 сайлау учаскесінде орын алған. Оның бүгінде Қазақстанда өтіп жатқан референдумға еш қатысы жоқ.
Алматыда үйінен ұзап шыға алмайтын қарттар да референдумда дауыс беруде
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады