Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Павлодар облысы әкімінің ерекше ұлттық киімі қызу талқыға түсті

Инстаграмдағы “Типичный Павлодар” тобында  ерекше ұлттық киімімен көзге түскен Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың суреттері пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Желіде Павлодар облысы әкімінің ерекше ұлттық киімі қызу талқыға түсті

Қоңыр желеткесіне тастармен безендірілген белдік таққан облыс басшысы ерекше ұлттық киім киіп, жұртың назарына ілінді. Облыс әкімі бұл киімді Павлодар қаласының орталық алаңында қонақтар мен тұрғындар Наурыз мерекесін атап өткен кезде киіп шыққан.

«Облыс әкімінің костюмін 0-ден 10-ға дейін бағалаңыздар немесе пікір білдіріңіздер. Бірақ Instagram-да жазылған пікірлерді “ең керемет әкім Болат Бақауовтың” оқитынын есте сақтаңыздар»,- делінген Instagram-да жариялаған фотосуреттің сипаттамасында.

Желіде Павлодар облысы әкімінің ерекше ұлттық киімі қызу талқыға түсті

«Нағыз батыр секілді басқаларынан ерекшеленіп тұр», – деп жазды комментаторлардың бірі.

«Ия өте қарапайым, өзіміздің ұлттық киім. Өзіне жарасып тұр. Нағыз батыр сияқты, қарапайым халықтан шыққан. Мен 10 балл деп бағалаймын»,-дейді басқасы.

Желіде Павлодар облысы әкімінің ерекше ұлттық киімі қызу талқыға түсті

«Нағыз қазақтың батыры! Біздің облыстың ең жақсы әкімі. Кезінде оның басшылығымен Ақсу қаласы нұрланып, гүлдене түскен еді! Біздің елге осындай президент керек!»,-дейді басқа оқырмандар.

«Оның кереметтігі шындығында таң қалдырады. Қамшы қайда?», – деп жазған басқа да Instagram пайдаланушылары.

Тағы оқыңыз: 

Тоқтар Әубәкіров 40 жылдан аса отасқан орыс келіншегі туралы айтты

5 қызы бар: Шымкент тұрғыны ұл тумағаны үшін келіншегін тастап кеткен

Павлодарда биіктігі үш метр сәукеле мен алты метрлік қамшы жасалды

18 жастағы орыс қызы қазаққа келін болуды армандайды

Талқылау