Желіде Нұрлан Сабыровтың “Вагнер” жауынгерлеріне көмектескен видеосы қызу талқыға түсті

Желіде комик Нұрлан Сабыров былтыр “Вагнер” жауынгерлеріне 10 мотоцикл және 2 миллион рубль жіберіп, көмектескені жайлы видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видео 2025 жылғы 7 шілдеде Истра муниципиалдық округінің ресми Telegram арнасында жарияланған. Алайда бүгін арна әкімшілігі видеоны өшіріп тастаған.
Кадрларда әзілкеш игі іс жасап, “Вагнер Истра легионының” жауынгерлеріне 10 эндуро мотоциклін тапсырып жатқанын айтып, оларға “аман-сау әрі жеңіспен оралуды” тілейді.
“Бүгін игі іс жасап жатырмыз. Ресей Батыры Александр Кузнецовтың жетекшілігіндегі “Вагнер легионы Истра” жауынгерлеріне көмектесіп жатырмыз. Осы қуатты “Эндуро” мотоциклдерін көмегімді қабыл алады деп үміттенемін. Олар көмекті жеткізуге, азық-түлік тасымалдауға міндетті түрде керек болады. Құдай қаласа, жігіттер аман-сау әрі жеңіспен оралсын”, – деді ол видеода.
Бұған қоса, Нұрлан Сабыровтың Ресей әскеріне 2 миллион рубль (12,7 миллион теңге) қаражат аударғаны туралы да ақпарат тарады.
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Айта кетейік, бұған дейін ресейлік БАҚ-та қазақстандық танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жөнінде ақпарат тарағаны хабарланған еді.
Кейінірек комиктің Ресей азаматтығын алудан бас тартқаны белгілі болды. Сондай-ақ Сабыровтың Ресейге қайтып оралу шарттары жарияланды.
Нұрлан Сабыров алғаш рет мәлімдеме жасады.