Желіде математикадан сабақ берген 93 жастағы кейуана қазақстандықтарды тәнті етті (видео)
Желіде БҚО-лық 93 жастағы мұғалімнің видеосы қазақстандықтарды тәнті етті. Видеода кейуана тақтаға шығып, есеп формулаларын түсіндірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видео кадрларынан скрин
Деректерге сүйенсек, бейнежазбаның сипаттамасында бұл 93 жастағы сынып жетекші Назия Губайдоллақызы екені айтылған. Ол сол кезде өзінің мектепті бітіргеніне 40 жыл толуына орай жиналған ересек оқушыларына сабақ берген.
Сонымен қатар кейуананың қызы анасы немерелерін ҰБТ-ға дайындауға көмектескенін және оның күш-жігерінің арқасында балалардың барлығы грантқа түскенін айтты.
Желі пайдаланушылар өздерінің таңданысын жасырмады. Олар ұстаздың есте сақтау қабілетіне тәнті болды. Бейне астында адамдар мұғалімге ұзақ өмір тіледі.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"