Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Қостанай атауының өзгертілгені туралы ақпарат тарады

Желіде Тоқаевтың Қостанай қаласын Санар деп ауыстырғаны туралы ақпарат тарады. Әкімдік ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Желі қолданушылары KazNews парақшасындағы жазбада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай қаласының атауын Санар деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойғанын оқып, жаңылды. Жазбада Тоқаевтың Қостанай атауының ескіргенін, оны заманауи атаумен өзгерту керегін айтқаны жазылса керек.



Қостанай облысының әкімдігі тарап жатқан ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

"KazNews агенттігінің Қостанай қаласының атауын Санар деп өзгерту туралы ақпаратына қатысты басылымда сілтемелер немесе құжаттық дәлелдер жоқ, сондықтан мұның сенімсіз (жалған) деп мәлімдейміз", – деп хабарлады әкімдік.

Әкімдік жалған ақпарат таратқаны үшін заңды жауапкершілік бар екенін еске салды.

Талқылау