Желіде қазақстандық депутаттың күдікті конвертті беріп жатқаны түсірілген видео тарады (видео)
Әлеуметтік желіде депутаттың күдікті конвертті алып жүргені түсірілген видео тарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Кадрдан алынған скрин
Бейнежазбаның сипаттамасында, Жаңа жыл қарсаңында "ӘКК Ақтөбе" АҚ кейбір қызметкерлері негізгі сыйақыдан бөлек, 2-3 жалақы көлемінде қосымша сыйақы алғаны жазылған.
Сосын олар ақшаны алып, компанияның басқарма төрағасының бірінші орынбасарына тапсырған. Ол жиналған қаржыны Ақтөбе облысы әкімі орынбасарының көмекшісіне апарып берген.
"Ақтөбе" ӘКК" АҚ аталған факті бойынша қызметтік тергеу басталғанын хабарлады.
"Қазір бұл бейнероликке қатысты барлық жағдай зерттеліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Ішкі аудит нәтижесін алдағы уақытта хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті