Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушысы Орал қаласының атауын орысшалап жазғандарға ашуланды

Желі қолданушысы парақшасына сурет жариялап, Қазақстандағы қала атауына қатысты пікірін айтты.

19105812_1482002741839041_686127849443764687_n

Суретте қала атауы Орал, Уральск, Uralsk деп үш тілде жазылып тұр.

“Менде мынадай сұрақ: Біз Қазақстан деген елміз. Қаланың аты – Орал. Орысшасы, жарайды, Уральск болсын. Неге енді ағылшыншасы қазақ тілінен алынбайды? Қашанға дейін орыс тілі ортада көпір бола береді? “Oral” деп ағылшыншалап жіберсе, туристер ағылатын шығар, иә?”, – деп жазады Нұрлан Жанай есімді қолданушы. 

Желі қолданушылары бұған қолдау білдіріп, өз ұсыныстарын айтып жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Астанадағы атты полицейлер кімдер? (фото, видео)

Астанада “Технодом” сауда үйінің кассирі тұтынушының қазақша қойған сұрағына жауап бермей қойған

Кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің ЭКСПО-2017 көрмесіндегі және басқа да жобалары

Талқылау