Желі қолданушылары Төреғалидің фотосессия кезінде мас болғанын айтты (фото, видео)
Елімізге танымал әнші Төреғали Төреәлі Қапшағай көлінің ортасында фотосессия ұйымдастырды. Фотосессия кезінде түсірілген видеоны көрген желі қолданушылары әншінің ішімдік ішіп алғанын айтқан. Десе де, арасында әншіге тіл тигізбеуді сұрап, жақтап сөйлегендер де жетерлік.
Фото: instagram.com/aigerim_zhanabayeva/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бүгінде барша Қазақстанға танылған Төреғали Төреәлі Қапшағай көлінің ортасында ерекше фотосессия ұйымдастырды. Аталған фотосессияны бастау үшін көл ортасына барып, күннің батқанын күткен екен. Күтуден шаршап кетсе керек, фотографтардың қайта-қайта суретке түсіре беретіндігін тілге тиек етті.
Фотосессия басталмас бұрын әнші барша қазақ жұртын Ораза айының басталуымен құттықтады.
“Ассалаумағалейкум, қалайсыздар? Оразаларыңыз қалай болып жатыр? Ауыздарыңыз берік болып қиналып жатқан жоқсыздар ма? Бізде Қапшағайда Валерия деген көкеміз бар. Фотосессия жасап жүрміз ТТТ ұжымымен. Барлығыңызды шын жүректен оразаларыңызбен құттықтаймыз. Қабыл болсын ниеттеріңіз. Мұраттарыңыз асыл болсын! Елде тыныштық болса екен, ағайын!” – дейді Төреғали Төреәлі.
Бұдан кейін көл ортасында күн батқаннын күтуге мәжбүр болғандарын айтып өтті. Әзірге бұл фотосессияның қандай мақсатта түсірілгені белгісіз. Десе де желі қолданушылары Төреғали Төреәлінің видеода мас екенін жазған. Енді бірі Нұржан Төлендиевті салып тұрғанын айтқан. Арасында сүйікті әншісіне тіл тигізбеуді сұрап, жақтап сөйлегендер де жетерлік.
Алғашқылары “Төреғали ішіп алғаннан саусың ба?”, “Ішпейтін, шекпейтініне сенімді емессіңдер ғой”, “Мас қой мынау ұят”десе, кейінгілері “Жәй ғана Нұржан Төлендиевті салып тұр ғой. Осы адамдарға ештеңе жақпайды екен. Еркелеп жатқан шығар. Ішіп алған ба, бүйтіп алған ба? Ештеңке жақпайды сендерге. Төрешке жарасып-ақ тұр”, “Керемет видео” деп қорғай түскен.
Жіберіп алмаңыз:
Әнші Төреғали Төреәлі қатарынан екі фильмге түсті
Төреғали мен Ерке фонограммамен ән айтып ұятқа қалған (видео)