Еліміздің аймақтарында алдағы күндері қар аралас жауын жауып, тұман түседі
Қазгидромет еліміз бойынша 26-28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері ел аймақтарында жауын-шашын болжанып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше атмосфералық фронттардың өтуімен, республикамыздың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (қар аралас жаңбыр), желдің күшеюі болжанған.
Түнде ауа температурасы 2-7 градус аязға дейін төмендейді.
Ал республиканың батысында, солтүстік-батысында, орталығында солтүстік-батыс антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болмақ. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман болады.
Күндіз ауа температурасы:
- еліміздің батысында +20+27°С-қа дейін;
- солтүстікте, орталықта +15+23°С-қа дейін;
- қиыр оңтүстікте +18+25°С-қа дейін;
- оңтүстік-шығыста +12+20°С-қа дейін баяулап көтеріле бастайды;
- еліміздің шығысында ауа температурасы +3+11°С шамасында болады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"