Алматыда жекеменшік мектеп оқушысы суицид жасамақ болды: Полиция буллинг болғанын жоққа шығарды

Алматыдағы QSI жекеменшік мектебінде оқушы өзіне қол жұмасамақ болды. Қалалық полиция департаменті буллинг фактілері расталмағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция оқушыға қысым көрсетілді деген хабарламалардан кейін қозғалған қылмыстық іс қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатылды, бұл шешімді прокуратура бекітті.
Еске салайық, 28 қаңтарда оқыс оқиға туралы қыздың әкесі хабарлап, дабыл қақты. Мектеп әзірге ресми түсініктеме берген жоқ. Балалар омбудсмені Диана Ерлан отбасы мүшелерімен байланыста. Балаға психологиялық көмек ұсынылды. Білім басқармасы тарапынан тексеру жалғасып жатыр.
31 қаңтарда қыз баланың жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылғаны белгілі болды, ол дәрігерлердің бақылауында.
- Астанада сыныптасын қызғанған 2-сынып оқушылары жаңадан келген қызға әлімжеттік жасаған
- "Мектеп оқушыларын құрылысқа жеккен": Жамбыл облысында жасөспірімді өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу дерегі бойынша іс алғаш рет сотқа жетті
Полиция департаменті азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты, тексерілмеген ақпаратты таратудан бас тартуға шақырды.
Еске салайық, қазақстандық кәсіпкер Қанат Амиркин Алматыдағы QSI халықаралық мектепте буллингтің салдарынан қызының өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы жазды. Ол мектеп басшылығын балалар арасындағы буллинг туралы білсе де, оған көз жұмды деп айыптап отыр.
Оның сөзінше, өзі мектептегі буллинг мәселесі бойынша басшылыққа бірнеше рет барған. Алайда мектеп басшылығы ата-ананы қабылдаудан бас тартқан. Ол қызының не себепті мектепке барғысы келмейтінін сұрап, түсінгісі келген.