Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеке өмірлеріндегі шудан соң Дәурен мен Ақботаның гонорары қымбаттай түскен

Ақбота Сейітмағамбет сұраныстағы актриса, Дәурен Айдарқұлов та арзан актер емес! Алғашында жеке өмірлерін жұмбақ ұстап, кейін құпияның құлпын ашқан бұл жұптың, бүгінде гонорары қымбаттай түскен. Сонда, ел аузындағы экс-жұбайлардың қазіргі қаламақысы қанша?!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Оқаповтың «Уайымдама» клипінде басты рөлді сомдаған Ақбота, әріптесінен бір тиын да алмаған. Бұл туралы Әлидің өзі айтқан болатын.

“Тегін келісті. Бір тиын да сұраған жоқ. Біз ұсынсақ, мүмкін алмайтын да шығар”, – дейді Әли Оқапов.

“Ақша сұрағым келген жоқ, өздері де ұсынбады. Сондықтан, мен де үндеген жоқпын”, – дейді Ақбота.

Бұл жолы жас ана, өнердегі досының өтінішін ғана орындаған. Сондықтан, «Сейітмағамбет тегін түседі», – деген түсініктің қалыптасқанын қаламайды. Бүгінде сұранысы артқан Ақбота, отандық кинонарықтағы қымбат актрисалар қатарында екенін растап отыр.

“Енді иә, өзімнің гонорарымды айта алмаймын қазірге. Оны директорымнан сұрап алыңыздар. Енді, менің де сәбиім өсіп келе жатыр деген сияқты. Қатып қалған баға жоқ. Режиссер, продюсердің өзі хабарласып, осыншама ақшаға келісіп, осылай жасасақ деп жатса келісеміз”, – дейді Сейітмағамбет.

Клип, кино! Иә, Ақботаның экс-ғашығының да, жұмысы тығыз кестеге түзілген. Атышулы Айдарқұловтың гонорарын сұрағанымызда, актердың жауабы мынадай болды.

“Жалпы, кино әлемінде актерлар гонорарларын айтпайды екен. Мен оны алғаш, «Свадьба на троих» киносынан кейін ғана түсіндім. Өйткені, әр актермен өзінше келісімшарттар қойылады, жеке гонорарлары болады”, – дейді Дәурен Айдарқұлов.

Дәуренге режиссер достары өтініш білдірсе, қаламақасынан аздаған жеңілдік жасап, жәрдемдесетіні бар екен…

“Досымызға біз арзан, бартер, тегін дегендей”, – дейді Дәурен.


Бүркіт режиссерлігіне күмән келтіргендерге: Мен түсірген фильм мықты шықты

Ерке Есмахан дүркіреп өткен туған күніне әншілерді шақырған жоқ (фото, видео)

Нағима Есентаева абақтыда жатқан ағасынан сый келгенін айтып, көзіне жас алды

Атақты Роза Рымбаева Семей әкімінен көрген қорлығы жайында айтты

Талқылау