"Жедел жәрдемді үш рет шақырдық, бәрін ойдан шығарып отыр деді": 13 жасар қазақстандық суық тиген соң көз жұмған
Қарағандыда 13 жастағы Дамир Бұлымбаев көз жұмды. Үйіне келген жедел жәрдем жасөспірімге суық тигенін айтып, денсаулығына қауіп жоқ деген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Туыстарының жеке мұрағатынан
13 жастағы Дамир Бұлымбаевтың туыстары оны аман алып қалуға болатын еді дейді.
Белгілі болғандай, мектеп оқушысының бір аптада бірнеше рет дене қызуы көтеріліп, соңғы күндері балтыры ауырғанын айтқан.
Жасөспірімнің анасы үйіне үш рет жедел жәрдем шақырып, тіпті ұлын емханаға апарған. Алайда дәрігерлер балаға суық тигенін айтып үйіне жіберген.
“Екінші рет жедел жәрдемді Дамирдің балтыры ауырған кезде шақырған. Фельдшер келіп, суық тигенін екенін айтыпты. Ол балтырының ауырсынуына спазмолитикалық инъекция жасауды ұсынды. Инъекциядан кейін оның тынысы тарылған. Алайда фельдшер бұл жағдайдың қалыпты екенін, ауруханаға жатқызуға негіз жоқ екенін айтып, кетіп қалған. Ертесі күні Дамирдің анасы тағы да жедел жәрдем шақырады. Бала дереу ауруханаға жөнелтілген. Алайда Дамир жолды көз жұмды”, – дейді баланың әпкесі Әлия Бұлымбаева.
Атырауда фельдшерлер әйелді үйінде босандырып, егіз қыздың өмірін сақтап қалды
Мектеп оқушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Дамирдің туыстары дәрігерлер жасөспірімнің жағдайының ауырлығын бағаламағанын айтады.
"Бұл – дәрігерлердің салғырттығы. Жедел жәрдем шақырсақ, көмек күтеміз. Олар бізге бәрін түсіндіріп, алғашқы медициналық көмек көрсетуі керек. Жедел жәрдем үш рет келсе де, ешнәрсе жасамаған. Баламыздан айырылып қалдық. Денсаулық сақтау министрлігі бұл іске назар аударып, мұқият қарағанын қалаймыз", – дейді Дамирдің әкесі Дүйсен Бұлымбаев.
Туыстары жедел жәрдем үшінші рет келгенде ғана баланың жағдайының ауыр екенін түсінгенін айтады.
“Үш рет жедел жәрдем келді. Екі рет келген бірінші бригадаға баланың жағдайының ауыр екенін айтып түсіндіруге тырыстық. Алайда олар бала ойдан шығарып жатыр деп мән бермеді. Үшінші рет шақырғанда келген екінші бригада ғана баланың жағдайын бағалай алды. Алайда олар шақырудан 27 минуттан кейін келген”, – дейді баланың туыстары.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы бұл істі тәуелсіз сарапшылар тобы тексеріп жатқанын хабарлады.
"Алдын ала қызметтік тергеу нәтижелері бойынша жекелеген медицина қызметкерлерінің заң бұзушылықтары анықталды. Барлық кінәлілер жауапқа тартылады. Қайтыс болған науқастың туыстарына көңіл айтамыз", – деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске салсақ, осыған дейін Қарағандыда ер адам жеке клиникада ота жасағаннан кейін көз жұмғаны туралы жазғанбыз.