Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира: Халық атынан қарыз алып, жағдайын жасайтын басшыларға қызығамын

Өнер мен өмірде қос аққудай қатар жүзген Жанболат пен Жазира балаларының шетелдік қызға үйленіп кететінінен қорқатындарын айтқан болатын. Енді міне әнші елінің болашағы үшін қатты алаңдайтынын жеткізді.

image

Фото: instagram.com/zhanbolatzhazira/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды

Әнші Жазира Байырбекова халықтың атынан қарыз алып, өздерінің жағдайларын жасап алған дөкейлерге қызығатынын тілге тиек етті.

“Біреуге 100 теңге қарыз болсақ ұйықтай алмаймыз. Ал мемлекеттің, халықтың атынан қарыз алып жеке бастарының жағдайын жасап отырған дөкейлердің жүрегінің мықтылығына қызығамын. Шындықты айтатындар бірден жабылып жатыр. Елімнің болашағына қатты алаңдаймын. “Саясатқа араласпа” дейді. Бірақ мен халықтың бірімін. Халыққа ойымды жеткізуге рұқсат шығар”, – дейді Жазира Байырбекова.

13183553_629552557194712_1226725984_n

Халық ортасында жүргенді ұнататын Жазира ханым бүгін де базарға барды.

“Аптасына бір рет үйдегі бала-шағаны ертіп дүкендерден, базарлардан тамақ таситыным бар еді”, – деп әнші өзін суретке түсірген қайнысына алғыс айтты.


Оқи отырыңыз:

Әнші Жазира Байырбекова азық-түлікті “Алтын Орда” базарынан алатынын айтты

Жанболат: Жазира келінімізді құтыртып жіберетін шығар

Жазира: Жанболат әдемі қыздар көрсе кетіп қалады

Талқылау