Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира Байырбекова: Әлі де ана болатынымды ішім сезеді

“Армансыз өмір болмайды” деп ән шырқаған әнші Жазира Байырбекова өзінің жүрегінің түбінде жатқан арманы туралы айтып берді. Әншінің сөзінше, ол ұлының ержетіп, ұрпақ сүйіп, азамат болуын армандайды. Тек бұл емес, әншінің өзі де тағы да сәбилі болудан үмітті.

Бұл туралы әнші «Қазақстан» арнасының «Әйел бақыты» бағдарламасында айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Әнші Жазира Байырбекова өзінің арманы жөнінде айтып, 40 жасқа келер шағында әлі де ана атанғысы келетінін жасырмады.

«Арманым – болашақта ұлымның өсіп, ұрпақ сүйіп, үлкен азамат болуы. Менің арманым – әлі де ана болу. Ұлыма бауыр немесе қарындас болса. Болмаса да тәубе деймін. Күпірлік етуге болмайды. Бірақ әлі де үміттенемін. Әлі де ана болатынымды ішім сезеді», – дейді әнші.

Иә, Жанболат пен Жазираның есейіп қалған бір ұлы бар. Жұлдызды жұп көп жылдан бері екінші рет сәби сүюді армандап жүр. Тіпті ол үшін Германияға барып, дәрігерлерге қаралып келген екен.

Оқи отырыңыз:

Ринат Зайытов: Келесі президент әнші болатын шығар

Ринат Зайытов: Тоқалды бірінші әйелімен ажыраспай алса, ол – ерлік

Мақпал Жүнісова Болат Назарбаевқа арнап альбом жазып шығарды

Ұят топтамасы: Отандық сәнгер Нәйіл Байкүшіковтің ашық-шашық көйлектері көпшіліктің қызу талқысына түсті (видео)

Талқылау