Жазира Байырбекова мұқтаж отбасыға көмектесу үшін көйлектерін сатылымға шығарды
Жазира Байырбекова дизайнерлік көйлектерін сатылымға шығарды. Әнші одан түскен ақшаны мұқтаж отбасыға тарту етпек. Байырбекова көпшілікті көмек қолын созуға шақырды.
Жазира Байырбекова арнайы тіктірілген сахналық костюмдерін сатылымға шығарды. Әнші қымбат көйлектерін сатып, одан түскен ақшаны мұқтаж отбасыға тарту етпек. Осылайша көпшілікпен бірге сауапты іс жасауға бекінген.
“Интернетте күні кеше жүрген анасы Бақтыгүл мен баласы Оразымбеттің видеосы көңілімізді босатты. Егер де жоғарыда көрсетілген көйлектерді сатып алатын болсаңыздар, тікелей Қаракет қорының счетына жіберіп, бір көмек қолын созасыздар”, – деп жазды Байырбекова.
Желідегі оқырмандары оның бұл бастамасына қолдау білдіріп жатыр.
“Сауапты іс, жақсылығы Алладан қайтсын”, “Сіз ерекше мейірімдісіз”, “Көйлектеріңіз қандай әдемі”, “Көп жиналса, қайыры болар”, “Жақсылығы қайтсын, ниетіңізге жетіңіз”, “Жақсы идея екен, әншілерге ой тастап көрмейсіз бе?”, “Әншілердің алары да, берері де көп болсын”, – деп жазды олар.