Жазира Байырбекова зағип қызды ұзатамын деп жылап қалды (видео)
Әнші Жазира Байырбекова зағип жанды ұзатты. Оң босағадан шығарып салған әнші көз жасына ерік берді.

"Қыз бен жігіттің батылдығына риза болдым. Бойжеткен екі көзі көрмесе де өз орнын тауып ұзатылып кетті. Әнімді аяқтай алмай көзіме жас келді. Ол үшін көпшіліктен кешірім сұраймын. Ішімнен қатты толқыдым. Бұл көрініс көп адамға жігер береді. Аттасым Жазира жолдасымен бақытты болсын!" - деп жазды әнші парақшасында.
Көпшілік көңіл-күйін жазып, бақыт тіледі.
"Екі жас сізге рахмет көп, Алла разы болсын сізге", "Аллам бағын ашсын! Айналайын! Аллам жылатпасын!", "Жазира ханым керемет жылағаныныз көрінбейді бәрі әдемі", - деп жазды желі қолданушылары.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі