Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира Байырбекова: Борсықтарды қалай өлтіретінін көріп жаным ауырды, мен енді тон кимеймін

Жазира Байырбекова борсықтарға зиян келмеу үшін бұдан былай тон кимейтінін айтты. Әнші ханым көпшіліктен кешірім сұрай отыра, өз өтінішін жеткізді. 

"Осы постым үшін ренжитіндерді де түсінемін. Кешіріңіздерші.
Мен енді жануарларды қинап, терісін тірідей сыпырып жасайтын шубаларды сатып алмаймын. Қалай жасайтынын көрсеткен
видеоларын көріп жаным ауырып кетті.

Тондарға жарнама да жасамаймын. Болашақта құдаларыма да сатып әпермеймін, сыйлыққа да алмаймын. Алланың жан бітіргендерінің жанын қинауға (тамшыдай болса да) үлес қосқым келмейді.
Маған қосылатындарыңыз бар ма? Репост жасап үлес қосам десеңіздер де қарсы емеспін", - деп жазды Байырбекова.

Желі қолданушылары әншінің сөзін қолдады.

"Енді үстіңіздегі киімдердің бәрінің құрбаны бар емес пе түйе, қойдың жүні, андатор, түлкі тымақ, қате пікір емес пе?", "Адамдар ақша үшін өз туған жерін, елін сатып жатыр. Ал сіз жануарларды аяп отырсыз. Бірінші еліміздің елеулілері ашқарақтығын қойса, жануарлар жағы да жауапты іс болар еді", "Кейде қолың жетпей жүрген дүниенің де қайыры бар болғаны да", "Аллаһ Тағала төрт түлік малды адам аштан қалмасын деп жаратты деп ойлаймын", "Түйе мен қойды адам бауыздап сояды, етін жейді, терісін пайдаланады, борсықтарды аяусыз өлтіреді. Ол дұрыс емес", - деп жазды олар.

Талқылау