Жазықсыз ер адам өзгенің қылмысы үшін 19 жыл түрмеде отырған

Кеннет Уиндли есімді Нью-Йорк тұрғыны өзі жасамаған тонау қылмысы үшін 19 жылын түрмеде өткізген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазір 61 жастағы Кеннет Уиндли 2005 жылы анасына ас үй плитасын сатып алып, 550 долларлық ақша аударымы чегімен төлегеннен кейін ұсталған. Кейін бұл чектің 70 жастағы Джеральд Россқа жасалған тонау кезінде ұрланғаны анықталған. Қылмыскерлер қарияға шабуыл жасап, оны тұншықтырып, чектерін, қолма-қол ақшасын және банк кітапшасын алып кеткен.
Уиндли чекті қолдан сатып алғанын бірден мойындаған. Чекті сатқан адамдар оның заңды екенін, бірақ өздері оны белгілі бір бюрократиялық себептерге байланысты пайдалана алмайтынын айтқан. Уиндли тергеушілерге сол адамдарды толық сипаттап берген. Алайда жәбірленуші Росс оны шабуыл жасағандардың бірі ретінде таныған.
2007 жылы Уиндли бұрын сотталғаны үшін ауыр жазаға тартылып, 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылған. Ал шын қылмыскерлердің жеке басы сол кезде анықталмаған.
Әділдікке жетуге Уиндлиге досы көмектескен. Ол жеке детективтерді жалдап, олар нақты қылмыскерлерді тапқан. Кейін олар Уиндлидің тонауға қатысы жоқ екенін мойындап, куәлік берген. Қылмыскерлердің есімдері жарияланбағанымен, олардың жасы 60-тан асқан және 2005–2006 жылдары жасаған бірқатар тонау қылмыстары үшін қазір түрмеде отыр.
Соттан шыққан соң Уиндли "Бұл маған өмірімнің 20 жылына тұрды. Бірақ енді бәрін түзеттік деді. Мен үшін ең маңыздысы – осы. Мен қанағаттанамын" деп мәлімдеді.
- Шерзаттың оқиғасы қайталана жаздады: Арыста бір топ жігіт дүкендегі сатушы мен інісін сабап кеткен
- Петропавлдағы үш адамды өлтіру ісі: Күдікті әйел бостандыққа шығып, киллерлер түрмеде қалды
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та жазықсыз 40 жыл түрмеде отырған Кеннет Клер қылмыс кезінде үйде болған жоқ және ешқандай айғақ оған тиесілі емес екені анықталды. Құқық қорғаушылар ДНҚ зерттеулері Клерді кінәсіз деп көрсетті, ал жаңа ДНҚ-профильдер басқа екі адамға тиесілі болуы мүмкін екенін көрсетті.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген