Жазда Алматы-Варшава тікелей рейсі ашылады
Фото: Shutterstock
Алматыдан Варшаваға тікелей рейс 2026 жылдың мамыр айының соңында басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Польшаның ұлттық тасымалдаушысы LOT Polish Airlines жазда сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері, ал қыста дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері рейстерді орындайды. Алғашқы рейс 31 мамырда болады.
Токио – Алматы бағыты бойынша тікелей рейс ашылады
Таиландтық лоукостер Алматы мен Бангкок арасында әуе рейсін ашады
Польша астанасына шамамен алты жарым сағат ұшады, ал кері рейс шамамен жеті жарым сағатқа созылады. Жолаушылар Boeing 737 MAX 8 ұшағында тасымалданады.
"Алматы – компанияның тұрақты маршруттар желісіндегі Қазақстандағы екінші қаласы. Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика және Польшаның аймақтағы негізгі сауда серіктестерінің бірі. Бұл нарық іскерлік және демалу мақсатында саяхатшыларды қызықтырады", – деді Польша әуекомпаниясының уәкілетті өкілі Роберт Лудер.

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
